«Оқу жаңа әлемдерді ашады» интерактивтік тапсырмалар

16.01.2024

2024 жылы 16 қаңтар күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен «Оқу жаңа әлемдерді ашады» атты интерактивтік тапсырмалар өткізілді. Іс – шараның мақсаты: студенттердің қызығушылығын қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін ашу. Кітапханашы М. К. Бейсенбина студенттердің назарына Wordwall сайтын - білім беру процесінің маңызды міндеттерінің бірі - білім алушылардың ынтасын арттыруды шешетін әмбебап оқу ресурсын ұсынды. Студенттер осы ресурстың көмегімен әртүрлі көркем әдебиеттен жаттығулардың түрлерін жасай отырып, тапсырмаларды орындады, мысалы, «Шифрды ашу», «Кездейсоқ карталар», «Жұп құру», «Кроссворд». Студенттерге осы Wordwall сайтында интерактивті тапсырмаларды орындау ұнады.



Текст
Виртуальная приемная